Кеше, 24 қыркүйек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде төтенше жағдайлар комитеті жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты өткен баспасөз мәслихатында агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров бірқатар деректермен бөлісті.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы басым бағыттардың бірі екені белгілі.
2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 10 152 техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алған. Бұл жалпы ТЖ оқиғаларының 88,6%-ын құрайды. Он мыңнан астам апатты жағдайлардың салдарынан 1 390 адам зардап шегіп, оның ішінде 426 адам қаза болған.
Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі өндірістік және тұрмыстық өрттерге тиесілі, осылайша көрсетілген кезеңде 9 864 өрт болса, келтірген материалдық залал 2 миллиард 204 миллион теңге көлемінде. Ең ауыры, жолындағысын жалап-жұқтаған тілсіз жаудан 473 адам зардап шегіп, 201 адам қайтыс болған.
Ведомство өкілдері азаматтардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығы уәкілетті орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін адал атқаруына, жауаптылығына тәуелді екенін айтады. Жазда бүкіл елді, билік құрылымдарын аяқтан тұрғызған, Арыс халқын бірнеше сағатта жалаң аяқ шіліңгір ыстықта босытып жіберген әскери оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылысты да техногендік сипаттағы төтенше жағдайға телитіндер көп. Адам факторымен, жауапсыздықтан туғанын әзірге күштік құрылымдар мен құзырлы мекемелер мойындай қойған жоқ.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді