Испанияның жоғары соты Каталонияның лидерлерін 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Каталонияның бұрынғы вице-президенті Орил Жункерас 13 жылға сотталған. Испания Жоғары соты айыптаған, бас бостандығынан айырған 12 саясаткер мен белсенділер өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтуда.

Алғашында, айыптаушы тарап Орил Жункерасты 25 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен. Ол Каталонияның дербестігін талап етушілердің лидері. 25 жыл болмаса да, Жоғары сот оны бәрі бірдей ұзақ мерзімге соттады. Оған мемлекет тұтастығына қарсы төңкеріс ұйымдастырған және мемлекет қаржысын орынсыз пайдаланды деген айыптар таққан.

Каталония үкіметінің басшысы Ким Торра Жоғары соттың шешімін сынға алып, «саясиланған сот» деп айыптады. «Каталония үкіметі және өз басым бұл соттың айыптарын жоққа шығарамыз. Бұл әділетсіздік және демократияға жатпайды», – деді ол мәлімдемесінде. Қазір Ким Торра Испания королі Филипп IV мен үкімет басшысы Педро Санческе хат жолдап, олармен тез арада кездесуге әрекет етпек.

Төңкеріс ұйымдастырды деген айыппен 9 адам айыпталған. Бұларға қатысты сот 4 айға созылды. Бұған дейін құқық қорғаушылар оларды мемлекеттік қызметтен шеттету арқылы жазалауды сұрап келген.

Жоғары соттың шешімі жариялана салысымен Каталонияның дербестігін жақтайтын жүздеген белсенді Барселона көшелерінде ереуіл жасап, «Саяси тұтқындарды босатсын!» деген ұрандарын салды.

Айта кетейік, екі жыл бұрын Каталонияның Испаниядан тәуелсіздік алуын сұраған референдум өткен болатын. Испания соты референдумды заңсыз деп таныған.

“The Qazaq Times”