World Economic Forum жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін жариялады. Қазақстан 141 мемлекеттің ішінде 55-ші орында.
Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайынғы баяндаманы жасау барысында макроэкономикалық тұрақтылық, инфрақұрылым, еңбек нарығы мен инновациялық мүмкіндіктерді негізге алады. Биылғы индекс нәтижесінде Сингапур АҚШ-ты басып озып, бірінші орынға шыққан. Ұйым мүшелері ұсынған баяндамада: «Биыл Сингапур әлемдегі ең үлкен экономиканы екінші орынға ысырды. Азиядағы қала мемлекет инфрақұрылым, денсаулық сақтау, еңбек нарығы және қаржы жүйесі критерийлері бойынша бірінші орынға шықты», – делінген. CNN мәліметі бойынша, Сингапурдің алға шығуына АҚШ пен Қытай сауда соғысы әсер еткен. Мұнан бөлек, үздік ондық қатарында Гонконг, Нидерланды, Швейцария, Жапония, Германия, Швеция, Ұлыбритания және Дания бар.
Дамушы мемлекеттер қатарындағы Қазақстан биыл 55-ші орынға тұрақтаған. Рейтинг құрастырушылардың сөзінше, Қазақстанда бизнесті жүргізудегі негізгі проблемалар қаржыландыру, сыбайлас жемқорлық, жұмысшы күшінің болмауы, инфляция, салықтық нормалар, тиімсіз мемлекеттік бюрократия салдарынан туындайды. Қазақстанның аталған индекстегі нәтижесі 2015-2016 жылдары қазіргіден оң нәтиже көрсеткен. Ол кезде Қазақстан 140 елдің ішінде 42 орында болған.

Жаһандық бәсекеге қабілетті 10 ел. Фото: https://assets.weforum


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер