Ұлыбритания жыл соңына дейін мерзімнен тыс парламенттік сайлау өткізбек.
Лейбористік партияның жетекшісі Джереми Корбиннің айтуынша, премьер-министр Борис Джонсон Брюссельмен ортақ келісімге келе алмауы мүмкін. Сол себепті кезектен тыс парламенттік сайлау өтуі тиіс.
Brexit бойынша келіссөздердегі ЕО бас өкілі Мишель Барнье: «Британия мәселесін шешуді қолға алдық. Мұның соңы одақ құрамындағы өзге де демократиялық институттардың басқарылуына қатер төндірмеуі керек. Егер де Мэй үкіметі Brexit бойынша мерзімді ұзартуды сұраса, мұны Еуроодаққа мүше 27 елдің басшысы бекітуі тиіс», – дейді. Осыған дейін Британияның бұрынғы премьер-министрі Тереза Мэй парламентке Еуропалық одақ құрамынан шығудың «Б» жоспарын ұсынған болатын. Алайда, Британ парламенті Мэйдің ұсынысын қабылдаудан бас тартқан.
Негізінен Brexit бойынша келіссөздер 2017 жылдан бері жалғасып келеді. 2016 жылғы референдум бойынша Ұлыбритания 29 наурызда Еуропалық одақ құрамынан шығуы тиіс болатын. Алайда, тараптар ортақ келісімге келе алмағандықтан, Brexit уақыты екі рет кейнге шегерілген. Таяуда мәлім болғандай, ресми Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан 31 қазанда шығатынын айтты. Бұл қадам да кезекті мәрте сәтсіз аяқталса, Британия одақ құрамынан келісімшартсыз шығуы тиіс.