Иран СІМ Түркияның Сүрия жеріндегі шабуылдарын тез арада тоқтатып, әскерилерін шығаруы қажеттігін қуаттап, Түркияның қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарын түсінетінін мәлімдеді. Бұл туралы Парсы ақпартаты хабарлады.
Иран СІМ бүгін бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Түркияның Сүирия аумағына жасаған әскери әрекетіне алаңдаушылық білдіріп: «Әскери әрекет Түркияның қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылығын шешпеуімен қоса материалды және адами шығындарға соқтырады. Сол себепті Иран бұл әрекетке өзінің қарсылығын жариялайды. Аймақтың қазіргі жағдайы аймақтан тыс елдердің, әсіресе Америка тарапынан жасалған араласушылықтардың салдары. ИИР мәселелерді аймақ әлеуеттері аясында шешуге негізделген көзқарасымен Түркия мен Сүрия арасында кез келген рөл атқаруға әзірлігін жариялайды. Қазірдің өзінде екі жақпен де байланыста. Бұл мәселе тек бейбіт шаралар арқылы және Сүрияның ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу және Адана келісімі арқылы шешіледі» деді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді