АҚШ Түркияның күрдтерге қарсы шабуылын тоқтату үшін F-35 ұшақтарын сатып беретінін айтқан. Бұндай ұсынысты президенті Трамп Түркия президентімен телефон арқылы сөйлескен кезде ортаға қойған.
Бұдан бұрын Анкараның ресейлік әуе қорғаныс жүйелерді сатып алғанын айыптап, АҚШ F-35 ұшақтарын жауынгерлік ұшақтарды сату келісімін тоқтатқан болатын. Бұл кірбеңдік өз кезінде АҚШ-Түркия қатынасына салқынын тигізген еді.
Трамптың Ердоғанға жасаған ұсынысы туралы Мемлекеттік департаменттің лауазымдысына сілтеме жасай отырып «Уашингтон Пост» басылымы жазды. Аты-жөні жасырылған бұл лауазымды тұлғаның айтуынша, Трамп Түркия Сүрияның солтүстігіндегі әскери әрекеттерін тоқтататын болса, F-35 ұшақтарын сатуды жандандырумен бірге экономикалық жеңілдіктер ұсынатынын айтқан. Әрі, Түркия президентін Құрама Штатқа шақырған.
Алайда, президент Ердоған америкалық әріптесінің "бағалы" ұсынысына қандай реакция танытқаны беймәлім. Әскери әрекеттердің жалғасып жатқанына қарап Трамп ұсынысы толықтай қабылданбағанын білуге болады.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі