«Иран атом қаруын сақтап, қаржы шығындамайды». Бұндай мәлімдемені ирандық ғалымдармен кездесу кезінде елдің рухани көсемі аятолла Хаменей жасады.
Иран діни көсемі сондай-ақ, атом қаруын жасау және пайдалану шариғат бойынша харам екенін қайталай ескерткен. «Біз харам нәрсені шығарып, оны сақтау үшін қаржы жұмсамаймыз», – деді Хаменей кездесуде.
Кездесудегі сөзінде Хаменей Ирандағы ғылым өкілдеріне түрлі салада ғылыми жаңалық ашуға, елдің медицинасынан тартып, өндірісі мен қорғанысын дамыту үшін ғалымдарға мүмкіндік беретінін, үкіметтік қолдау көрсететінін жеткізген.
Қазір Иран АҚШ-тың экономкалық санкцияларына байланысты дағдарысты күйде екені белгілі. Мұнай экспортынан тартып, медицина саласына дейін санкцияның ықпалына ұшыраған. Елге ірі көлемде инвестиция салуға келісім берген шетелдік компаниялардың басым көбі АҚШ санкциясынан кейін келісімдерден бас тартты.