АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс өкілдері қолға алған импичмент процедурасын «төңкеріс жасауға бір қадам» деп атады.
Ақ үй басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Мен күн сайын орын алып отырған жағдайларды есепке ала отырып, мұның импичмент емес, төңкеріске қадам дей аламын. Яғни халықтың билігін, олардың бостандықтарын, дінін, Қарулы Күштерді, Мексикаменшекарадағы қабырғаны және жалпы Америка Құрама Штаттары азаматтарының құқықтарын шектеу», – деп жазды.
Америкада соңғы күндері Украина президенті Владимир Зеленскиймен Трамптың шілдедегі телефон арқылы әңгімесі төңірегінде ірі жанжал басталды. АҚШ президентінің саяси оппоненттерінің сөзіне сенсек, Трамп әңгіме барысында Украинаға бұрынғы американдық вице-президент Джозеф Байденнің ұлына қатысты тергеу бастауды сұраған. Ал оның орнына Уашингтон Киевке қаржылай және әскери көмек көрсетеді. Демократ Байден 2020 жылы қарашада өтетін президенттік сайлауда Трамптың ең мықты бәсекелесі саналады. Сондықтан, демократтардың пікірінше, Трамп Зеленскийге «қысым көрсете отырып», екінші мерзімге қайта сайлануға талпынған. Ал Дональд Трамп осы тергеумен айналысатын конгрессмен-демократ Адам Шиффті мемлекетке сатқындық жасады деп айыптап отыр. Трамптың пікірінше, Шифф Зеленскиймен телефон арқылы әңгімесін толық емес әрі жалған ақпарлармен таратқан.
Аталған мәселеге байланысты АҚШ президентіне қарсы импичмент процесін бастаған демократтар Трамптың адвокаты Руди Джулианиді сотқа шақырған. Олар Дональд Трамптың Украинамен арадағы электронды жазбаларына, телефон қоңырауларына, смс-хаттарына қатысты мәліметтерді сұрап отыр. Руди Джулиани: «Импичментке қатысты тергеуді Өкілдер палатасының тінту комитеті жүргізіп отыр. Демократ Адам Шифф алдын ала барлығын шешіп қойған. Сондықтан оларға көмектесемін деп айта алмаймын. Дегенмен, Трамп менің түсініктеме бергенімді қаласа, әрине келісемін», – дейді.
Негізінен Трампқа импичмент жариялау туралы тақырып АҚШ-та былтыр қарашада өткен Конгресске аралық сайлау кезінде талқыланған. Бірақ, бұл шешім республикалық сенаторлар қолдауынсыз айтарлықтай мағынаға ие болған жоқ. Себебі, импичмент жариялау үшін барлық сенаторлар 2/3 бөлікте дауыс беруі тиіс. АҚШ президентінің мақұлдау рейтингісі – Ақ үй қарамағындағы партиялардың деңгейін анықтау үшін арналған. Дональд Трамп рейтингі соңғы уақытта 40%-дық көрсеткішке жетті. Салыстырмалы түрде, Барак Обаманың рейтингі 2010 жылғы аралық сайлау алдында 45%-ды құраған болатын. Яғни елдегі қарсылықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан Трамптың көрсеткіші жоғары бағаланған.
Осы уақытқа дейін АҚШ-та Эндрю Джонсон және Билл Клинтон импичмент процесіне ұшыраған. Екі президенттің лауазымын шектеу сенаттағы талқылаулардың қорытындысы бойынша ақталған. Ал Америка тарихында «сұсты адам» атанған Ричард Никсон Уотергейт жанжалына байланысты импичмент арқылы отставкаға кеткен болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты