Бір күн бұрын SpaceX компаниясының жетекшісі, америкалық бай кәсіпкер әрі өнертапқыш Илон Маск бір жылдан кейін Starship атты әлемкемесін ұшыруға дайын екенін мәлімдеді.

Техас штатында аталған кеменің сынақ нұсқасы көрсетілді. Илон Масктың айтуынша алдағы айларда бірнеше рет сынақ ретінде ұшырып көреді. Алдымен жерден 20 шақырым биіктікке дейін ұшу сынағы өтеді, сәтті болса төмен орбитаға дейін ұшырылады. Ұзындығы 50 метр, диаметрі 9 метр болатын кеме 150 тоннаға дейін жүк көтере алады.

Илон Маск өзінің басты мақсаты адамзатты басқа ғаламшарға көшіру екенін талай мәрте айтып келеді. Ол бұған дейін Starship секілді кемелермен мыңдаған адам Марсқа ұшып, онда адамзат жасауға лайық мекендер құратынын, алдымен кеме туристерді алып Айға ұшатынын да айтып келген. Бірақ, оның бұл жобасын сынаушылар көп болған. Тіпті, бірқатар сыншылар оның бұл жобасы жүзеге аспайтын қиял-ғажайып ертегілер қатарында көрген.

Осыған дейін ең негізгі тапсырыс берушісі NASA SpaceX компаниясынан Crew Dragon кемесін бітіріп беруді сұрады. Бұл кеме Халықаралық ғарыш станциясына ұшуы керек болған. Бірақ, техникалық себептерге байланысты бірнеше рет кешіктірілді. Осыған байланысты NASA мен SpaceX компаниясы арасында пікір алауыздығы да туып отыр.

Бірақ, Илон Маск NASA-ның наразы пікірлеріне жауап беріп, Starship кемесін компанияның тек 5 пайыз қызметкерлері ғана жасап жатқанын, басым көп қызметкерлері Falcon және Dragon жобаларымен айналысып отырғанын жеткізді.

Қалталы өнертапқыш өз компаниясының Марсты игеру туралы жобасын баса айтып келеді. Былтыр ғана Falcon Heavy зымыраны сәтті сынақтан өтті. Осылайша Илон Масктың компаниясы ғарыш саласында табысты нәтиже көрсеткен алғашқы жекелік компания қатарында тарихта қалды. Алайда, әлем елдерінде ғарыш саласын дамыту, өзге ғаламшарлардан тіршілікке қолайлы орта іздеу үрдісі артқан сайын, былайғы жұрттың көкейінде бір күдік оянып келеді.

“The Qazaq Times”