Елордада өткен Үкімет отырысында 2019 жылға арналған бюджет жобасы нақтыланды.
Мәліметтер бойынша, биыл наурызда түзетілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің сақталуын ескере отырып, 2019 жылға арналған республикалық бюджетке нақтыланған кірістер 7081,3 млрд теңгені, шығындар – 12028,1 млрд теңге болған. Осыған қатысты премьер-министр Асқар Мамин: «Түзетілген бюджет кірістері мен шығыстары әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қосымша қаржыландыру қажеттілігін жабуға, экономикалық өсудің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді», – дейді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына енгізуді тапсырылды.
Кезекті үкімет отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов негізгі макрокөрсеткіштер және бюджет параметрлерінің болжамы туралы баяндама жасап, қаржы министрінің бірінші орынбасары Б.Шолпанқұлов 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің жобасымен таныстырды. Осы ретте экономикалық өсудің қосымша көздерін өңдеу өнеркәсібін қолдауға арналған қаражатты қайта бөлу, салымшыларға тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелендіру, Павлодар және Ақтөбе облыстарының сұранысқа ие суармалы жерлерінің гидромелиоративті жүйелерін реконструкциялау, сондай-ақ Жамбыл облысында ауылда кооперацияны дамытудың пилоттық жобасын жүзеге асыру арқылы құру жоспарланған. Осы міндеттерді 199,1 млрд теңге сомасында шығыстарды қайта бөлу және осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджет кірістерін 94,9 млрд теңге мөлшерінде түзету жолымен қаржылық қолдау ұсынылып отыр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі