Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ көшбасшысы Дональд Трампқа ресейлік зениттік зымыран жүйелерімен (ЗРС) бірге Patriot американдық зениттік зымыран кешендерін сатып алу туралы ұсыныс айтты.

Reuters агенттігіне Ердоған: «Түркия бесінші буынды американдық бомбалаушы құрамға бағдарламасына қатысады деп айта алмаймыз. Есесіне, Ресейдің ғана емес, АҚШ-тың Patriot кешендерін сатып ала аламыз», – деді. Жауап ретінде Трамп осы мәселелерді бірлесіп талқылайтынын айтқан.

Осы аптада «Haber Turk» телеарнасы Уашингтон мен Анкара $100 млрд тауар айналымына бағаланатын еркін сауда келісіміне қол қоятынын хабарлаған. Келісімге аясында Түркия Patriot зениттік зымыран кешендерін сатып алады және республика үшін алюминий мен болат баж салықтары төмендетіледі. Алайда, Ердоган мұндай келісімнің егжей-тегжейі талқыланбағанын хабарлады.

Анкара бірнеше жыл бойы Уашингтонға ұсыныс айтқанымен, Patriot кешендерін сатып алу туралы ұсынысқа қол жеткізе алмай келеді. Сол себепті 2017 жылдың қыркүйегінде Ресей мен Түркия арасында құны $2,5 млрд болатын С-400 кешенін жеткізу туралы келісімшарт жасалды.

17 шілдеде Ақ үйдің баспасөз қызметі жазбаша мәлімдемеде Түркияның С-400 ресейлік зымырандарды сатып алу туралы шешімі оның F-35 бесінші буынды американдық жойғыш-бомбалаушыларды құру бағдарламасына одан әрі қатысуына мүмкіндік бермейтінін хабарлаған. Түркия мен Ресей арасындағы бұл байланысқа НАТО да қарсылық танытып келеді.

"The Qazaq Times"