АҚШ үкіметі Ресейдің барлау агенттерінің Yahoo (Yahoo! Inc., Yhoo) компаниясына хакерлік шабуылмен бұзғыншылық әрекеттер жасағанын айыптады. АҚШ үкіметінің айыптамасы әлемнен тыс Ресейдің барлау агенттері мен киберқылмыскерлері туралы жаңа түсінік қалыптастырып отыр. Бұл туралы "The Wall Street Journal" басылымы хабарлайды.
АҚШ Әділет департаменті 15 наурыз, сәрсенбі күні хабарлама жариялап, екі ресейлік федералдық қауіпсіздік қызметкерінің Yahoo! Inc компаниясына хакерлік шабуылдар жасағанын мәлімдеді. ФСБ-ның (Федералдық қауіпсіздік қызметі) келіп шығуы Кеңес одағы тұсындағы КГБ-дан бастау алатыны белгілі. АҚШ-тың Ресей киберлік шабуыл әрекеттерін айыптауы тек бұл ғана емес, бұдан бұрында талай мәрте болған еді. Тіпті АҚШ Орталық барлау комитеті Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына да киберлік шабуылдар арқылы араласқанын айтқан болатын. Ал, Кремль болса осының бәрін жоққа шығарып келді.
Бұл жолы да бір ресейлік ресми тұлға, АҚШ жасаған айыптау туралы былай деді: «АҚШ үкіметі ішкі желі қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағанын Ресей үкіметінен көреді. Оған қоса ішкі саяси жанжалдарды да Ресейге жауып, ішкі қайшылықтарды бұрмалау үшін «Ресей хакерлік шабуылы» деген атпен Кремльді істікке шаншып келеді».
Осы жыл басынан бері, «Ресеймен астасқан» америкалық шенеуніктер және Ресей киберқылмыс жасаушылардың жұмыстан босатылуы қызу тақырыпқа айналып келді. Мұның ішінде АҚШ жағынан киберқылмыс тудырушы деп тұтқындалған екі ресейлік барлау қызметкері және Ресейдің ең танымал интернет-күзет компаниясы Касперский зертқанасының да қызметкері бар. Мәскеу тарап бұл ақпараттарды ресми түрде растамаса да, БАҚ құралдарында тиісті хабарлар тарап жатыр. "Шалтай Болтай" (Shaltai Boltai) деп аталатын хакерлік шабуылды ұйымдастыру қимылы туралы болсын, қазір Ресейдің киберқылмыстық әрекеттері әлемге әйгілі болды.
АҚШ өзінің айыптауын жасады, алайда бұған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінен (ФСБ) нақты жауап алу мүмкін емес.
“The Qazaq Times”