Армения экс-ішкі істер министрі өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды.
Арменияның бұрынғы ішкі істер министрі Айк Арутюнянның денесі қыркүйек айының 23-і күні түнгі сағат 23:50 шамасында үйінен табылған. Судмедициналық экспертиза зерттеуі бойынша, экс-министр өзін-өзі атып тастаған. Қазіргі таңда Армения Қылмыстық Кодексінің 110 бабының 1 тармағы бойынша іс қозғалған.
Айк Арутюнян ІІМ (1999-2003 ж), полиция басшысы (2003-2008 ж), Әділет министрлігінің қылмыстық-орындаушылық басқармасының басшысы (2010-2014 ж) болып қызмет атқарған. Арутюнян 2008 жылдың 1 наурыз оқиғасы ісі бойынша куәгер болған.