Иран президенті Хасан Рухани осы аптадағы БҰҰ Бас Ассамблея сессиясында Парсы шығанағындағы жаңа қауіпсіздік жоспарын жария етеді. Ол бұл жоспар өңірдегі бейбітшілік үшін пайдалы деп қарайды.
Иранның ресми ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Хасан Рухани Парсы шығанағында жаңа коалиция құру туралы жоспарын жариялауы мүмкін. Президенті Рухани осыдан бұрын қорғаныс өкілдерімен кездесуде: «Жаңа жоспар Парсы шығанағындағы соғыс үшін құрылғаа коалиция секілді емес, бейбітшілікке бастайтын жоба болады», – деген.
Бұдан бір апта бұрын Сауд Арабиясының мұнай нысандарына шабуыл жасалып, әлемдегі мұнай өндіруші ең ірі елдің өндірісі 50 пайызға қысқарған еді. АҚШ шабуылдың артында Иранның тұрғанын айтады. Теһран бұл айыптауды жоққа шығарып келеді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр