Түркия, Иран және Ресей басшылары Анкарада бас қосты. Сүрия тақырыбын талқыға салған «үштік саммитте» 14 тармақтан тұратын қорытынды декларация жарияланды. Ортақ мәлімдемеде Сүрияның территориялық тұтастығын сақтап қалуды қолдайтындарын білдірді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Хасан Рухани және Ресей президенті Владимир Путинмен Анкарада бас қосты. «Астана процесі» аталған бейбітшілік келіссөздерінің жалғасы негізінде үш ел басшысы Сүрияның территориялық тұтастығын және егемендігін сақтай отырып жаңа Сүрия құру туралы мәлімдеме жасады. Олар саммит қорытындысы негізінде халықаралық қауымдастықтан Сүрияға берілетін гуманитарлық көмекті көбейтуді сұрады.
Ортақ декларацияда Сүрияға арналған гуманитарлық көмек, Конституциялық комитет жұмыстары, БҰҰ-ның Сүрия ісі жөніндегі арнайы өкілінің жұмыстары және босқындарды Сүрияға қайтару туралы тақырыптар қозғалған.
Ресей, Түркия және Иран Сүрия мәселесіндегі басты ойыншылар ретінде белгілі. «Астана процесінен» жалғасқан «үштік саммит» Сүриядағы ортақ мүдделерді үйлестіруге бағытталған. Айталық, Түркия еліндегі сүриялық босқындарды қайтарып, оны Сүрия жеріндегі күрдтермен арадағы буферлік зона ретінде пайдаланбақ. Ал, Ресей өзіне жақындай түскен «батыстық арандатудың» «алдын алмақ», Иран болса Сүрия жерінен пайдаланып, Израильге қысымды арттырмақ. Бұл «үштік саммиттің» әр реткі отырысындағы басты мақсаты деуге болады.
Жиын қорытындысында хабарланғанындай, «үштік саммиттың» келесі раунды Теһранда өтеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау