Ақ үй басшысы Дональд Трамп Кубаға енгізілген эмбарго мерзімін бір жылға ұзартты. 1962 жылы енгізілген шектеу биыл 14 қыркүйекте ресми күшін жоюы тиіс болатын. Ресми Уашингтон бұл ұлттық мүддені қорғау мақсатында жасалып отыр деп мәлімдеді.
ВВС-дің Мексика мен Орталық Америкадағы тілшісі Will Grant АҚШ-Куба қарым-қатынастары қазір ең төменгі деңгейге түскенін айтады. Барак Обаманың кезінде қайта қалпына келе бастаған дипломатиялық қарым-қатынастардың өзгеретінін маусымда Дональд Трамп бұрынғы президенттің жобасынан бас тарту туралы мәлімдемесі арқылы білдірген еді.
2017 жылы АҚШ Куба азаматтары мен заңды тұлғаларына қарсы жаңа шектеулер енгізген болатын. Қара тізім Куба компаниялары мен дипломаттарына қатысты болған. Сол жылы АҚШ енгізген санкцияға жалпы саны 180 кубалық компания іліккен. Олардың қатарында Кубаның Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері, 83 қонақ үй, 2 турагенттік, 5 холдингтік компания, 2 ром зауыты және Гаванада орналасқан 10 сауда дүкені бар.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр