Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы барлық салада 40%-дан асып, биылғы жылдың алты айында 1 миллиард 600 миллион доллардан асқан. Бұл жөнінде Ташкентте өткен екі жақты іскерлік кеңестің үшінші отырысында мәлім болды.
Кзедесу барысында тараптар инвестициялық мүмкіндіктерді арттыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өнімдерді импорттау әлеуетін арттыру арқылы үшінші ел нарығына шығу сынды жоспарларды талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан бастамасымен ұсынылған «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық орталығының мән-маңызы айтылды. Сонымен қатар, кеңес негізінде екі ел бизнес өкілдері байланысын нығайту, шекарадағы мәселелердің алдын алу бойынша келісімге келіп, Аралтұз мекемесі көрші ел нарығына 200 мың еуро көлемінде өнім жеткізетін болды.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауданың жалпы көлемі былтыр 2 миллиард АҚШ долларына жеткен. Енді мемлекет басшылары тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр