Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей қолдауындағы Башар Асад күштерінің көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб аймағына қатал шабуылдар жасап жатқанын айыптады. БҰҰ мәлімдемесіне қарағанда, Ресейлік ұшақтар мен Сүрия үкіметі емханаларды нысанаға алған.
БҰҰ Ресей ұшақтары мен Башар Асад үкіметінің кезекті шабуылдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын алға тарта отырып, бұл әрекеттер соғыс қылмысы қатары бағалануы мүмкін екенін айтуда.
BBC мен Reuters агенттігінің хабарына қарағанда Идлибтегі бірнеше емхана толығымен жоқ болған. Аталған ақпарат құралдарының журналистері шабуылдың тек қана емханаларға бағытталғанын айтады. Себебі, маңындағы ғимараттар шабуылға ұшырамаған, Идлибтегі емханаларға зымыран шабуылдары жасалған.
Көтерілісшілердің соңғы бекінісі саналған Идлибте Ресей қолдауындағы үкімет пен оппозиция арасында сәуір айынан бері қақтығыстар жалғасып келеді. Қақтығыстан көбінде бейбіт тұрғындар қаза табуда. Қазір Ресей мен Башар Асад күштерінің әуе шабуылынан Идлиб шаһарындағы 40 емхана талқандалған. Бұл да соғыс қылмысы қатарында бағалануда. Әуе шабуылдарынан қорғану үшін Идлибте жерасты емханалары салынуда.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді