Франция президенті Эммануэль Макрон Донбасстағы жағдайды талқылау мақсатында Зеленский мен Путинді кездесуге шақырды.
Financial Times басылымының мәліметінше, Макрон, сонымен қатар, Еуропалық одақ пен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасын нығайтқысы келеді. Дегенмен, оның бұл жоспарын одаққа мүше өзге мемлекеттер құптаған жоқ. Ресейдің «агрессиялық саясатынан» сақтанып, оған қарсы санкциялар пакетін енгізуді құптайтын мемлекеттер қатарында Германия, Нидерланды, Польша, Ұлыбритания және Балтық бойы елдері бар.
Донбасс, Қырым мәселесіне қатысты көшбасшылардың бірінші кездесуі қыркүйектің соңында Парижде өтеді деп жоспарланған. Тараптар ортақ келісімге келе алса, Мәскеу мен Киев халықаралық кризистік тақырыптарды талқылауға атсалысуы мүмкін. Ресми Париж аталған келіссөз негізінде Донбасстағы соғыс аяқталып, екі ел бірлескен қадамға барады деген үмітте.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы