Италия сенаты жаңа құрылымдалған негізде «Бес жұлдыз» қозғалысы мен демократиялық партия бірлесіп құрған коалициялық үкіметті бекітті.
Джузеппе Конте үкіметі бастаған жаңа министрлер кабинетіне 321 сенатордың 169-ы сенім білдірсе 133-і қарсы дауыс берген. Алдағы күндері аталған партия мүшелері Еуроодақпен қаржылық мәселені талқылап, бюджет жобасына қарасты түзеулер енгізбек.
Өткен айда Италия үкіметінде саяси мәселелер орын алып, колация дағдарысқа ұшыраған. Коалициядағы дағдарысқа «Лига» мен «Бес жұлдыз қозғалысы» партиялары арасындағы дау себеп болған. Оңпопулистік «Лига» партиясының лидері Маттео Сальвини Италия үкіметіндегі жікке бөліну туралы айтып, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап еткен.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау