Италиядағы басқарушы коалиця дағдарыс үстінде тұр. Бұл жағдай елдің экономикалық жағдайына кері әсерін тигізуде.
Коалициядағы дағдарысқа «Лига» мен «Бес жұлдыз қозғалысы» партиялары арасындағы дау себеп болған. Оңпопулистік «Лига» партиясының лидері Маттео Сальвини Италия үкіметіндегі жікке бөліну туралы айтып, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу қажеттігін мәлімдеді.
2011 жылы Италияда экономикалық дағдарыс орын алып, зейнеткерлік жасы 67-ге дейін ұлғайтылған болатын. Соңғы жылдардағы Италиядағы саяси дағдарыстың ең басты себебі, парламенттегі басым орынды ешбір партия немесе альянстың жеңіп алмауы деп санайды сарапшылар. Бұл Италия парламентін қауқарсыздыққа алып келіп, соңында ұзақ жылға созылған саяси дағдарыстар мен экономикалық қиыншылықтарға ұшыратты. Салдарынан Еуроаймақтың үшінші үлкен экономикалық аймағы ауқымды саяси тұрақсыздыққа тап болды.
Былтыр осы мәселеге қатысты жиын өтіп, Еурокомиссия Италиядан алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап етті. Рим әлеуметтік бағдарламаларға қатысты бюджет көлемін 0,9%-ға ұлғайтуды ұсынғанмен, Брюссель оны кері қайтарды. Себебі, екі тарап ұсынысындағы айырмашылық 25 миллиард еуроға жеткен. Қазірдің өзінде Италия жұмыссыздық индексі бойынша ЕО елдері арасында үшінші орында.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді