Алматылық белсенділер Қытай зауыттарына қарсы митингке шықты.
Бүгін Алматы қалалық әкімшілігінің алдына онға жуық белсенді жиналып, Қазақстанға кіргізіледі делінген Қытай зауыттарына қарсы митинг ұйымдастырды. Белсенділер қыркүйектің 2-3-і күндері Қытай зауыттарына қарсы шыққан Жаңаөзен халқын қолдайтындықтарын айтып, Арон Атабек, Мұхтар Жәкішев сияқты азаматтарды бостандыққа шығаруды талап етті.
Естеріңізге салайық, 2-3-ші қыркүйек күні Жаңаөзен қаласында бір топ белсенді алаңға шығып, Қытай зауыттарын елге кіргізбеуді, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытайға бармауға шақырған.
Мемлекет басшысы қыркүйек айының 11-12-і күндері аралығында Қытайға ресми іссапармен барады деп күтілуде.
"The Qazaq Times"