Президент Тоқаев Үкіметке шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 3 жылға табыс салығынан босатып, басы артықтексерістерге 3 жылдық мораторий енгізетінін мәлімдеді.
Елді елең еткізген хабарда «Үкіметке микро және шағын бизнесті 3 жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырамын», – деді президент халыққа арнаған жолдауында. Тиісті нормативтік өзгерістер 2020 жылдан күшіне енуі тиіс.
Сонымен қатар «Келесі жылы қаңтар айынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешімім де күшіне енеді», – деп толықтырды Тоқаев.
Жиынға Мәжілістің 107 депутатының 106-сы, Сенаттың 49 депутатының 47-сі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің толық құрамы, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар, ел астанасының, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, саяси партия басшылары қатысты.
Осыған дейін 2018 жылдың шілдесінде алашапанды көрші өзбек елінде шағын және жеке бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерді 5 жылға дейін салықтан босатқан еді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеке кәсіпкерлерді 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін еңсесін тіктеп, бизнес сегменттің әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін бұйрық шығарған. Тоқаевтың бұл мәлімдемесі тағдырлас, құралпылас «көршінің қадамын бағып» қабылдануы әбден мүмкін. Назарбаевтың АӘК тағайындауы да көрші Путиннің жалпыбұқаралық әлеуметтік қолдау жарлығынан кейін қолға алынуы ойландырарлық жайт.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді