Украинада экс-премьер Владимир Гройсманның министрлер кабинеті отставкаға кетіп, Жоғары Рада жаңа премьерді тағайындады.
«Украинформ» мәліметінше, 290 депутат президент Владимир Зеленский мен оның парламенттегі «Халық кеңесшісі» фракциясы ұсынған Алексей Гончарукқа дауыс берді. Нәтижесінде, Гончарук ел премьері қызметіне кірісті.
Украина басшысы Зеленский қызметіне кірісу алдындағы қауіпсіздік қызметі басшысы, қорғаныс министрі және бас прокурор отставкаға кетуі тиіс деген. Сонымен қатар, президент үкіметті тұтас отставкаға кетуге шақырып, Жоғарғы раданы тарататынын мәлімдеген. Зеленский командасы Жоғарғы Раданы мерзімінен бұрын таратуды Парламент коалициясындағы депуттатардың аздығымен түсіндірді. Бұған дейін коалицияны «Самопомощь» және «Батькивщина» партиялары тастап кеткен.
Украина заңына сәйкес, премьер-министр отставкаға кеткен жағдайда, онымен бірге министрлер кабинеті тұтас кетеді.
22 шілдеде Украинада кезектен тыс сайлау өтіп, Жоғары Рада депутаттары сайланған. Дауыс беру қорытындысы бойынша Владимир Зеленскийдің «Халық кеңесшісі» партиясы – 43,9%; «Өмір үшін оппозициялық платформасы» – 11,5%; Петр Порошенконың «Еуропамен ынтымақтастық» партиясы – 8,9%; Юлия Тимошенконың Батькивщина «жалпыукраиналық бірлестік» партиясы – 7,6%; музыкант Святослав Вакарчуктың «Голос» партиясы – 6,3% дауысқа ие болды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді