АҚШ президенті Дональд Трамп биыл әскери бюджет көлемі $250 млн болып бекітілгеннен кейін, Украинадағы әскери көмекті қайта қарау туралы бұйрық берді.
Politico мәліметі бойынша, Трамп Киевке бөлінген қаржының Америка мүддесі тұрғысынан пайдаланылатынына көз жеткізгісі келеді. Қаржы құрылымына тексеріс жүргізушілердің арасында АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон бар.
Қайта қарау кезінде қаражат уақытша бұғатталатын болады. АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының қаржы бөлу жөніндегі комитеті: «Президент шешімінен кейін түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. себебі, осы маңызды қадамға деген қорқыныш басым. Біздің тарап бұл ресурстардың тексерілуі мен кідіруіне байланысты әкімшілікке жедел түрде сұраныс жібереді», – деді.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Уашингтоннан Киевке 2014 жылдан бастап көрсетілген әскери көмек көлемі $1,5 млрд-қа жеткен.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті