Өзбекстан Ұлттық банкі 20 тамыздан бастап ұлттық валютасы - сумды шетелдік валютаға айырбастау бағамын еркін айналымға жіберді.
Ұлттық банктің хабарламасына сәйкес, бұдан әрі валюта бағамын сатушылар мен сатып алушылар анықтайды. Аталмыш шешімнен кейін сумның арзандағаны байқалды. 20 тамызда бір доллар 9384 сум болып, бір күн бұрынғы бағамға қарағанда 323 сумға арзандады.
20 тамыздан бастап Өзбекстанның екінші деңгейдегі банктері де шетелдік валютаны сата бастады. Бұған дейін билік валюта бағамын бақылауда ұстаған.