Иран Парсы шығанағындағы Фарси аралы маңында кезекті шетелдік танкерді ұстады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, экипаждың жеті мүшесі қамауға алынып, жүк тәркіленген. Иран тарабы мұнай тиелген кеме 700 мың литр қара алтында контрабандалық жолмен тасымалдағанын айтты. Танкерде болған адамдар өзге ел азаматтары. Бірақ, танкердің қай мемлекетке тиесілі екендігі ресми жарияланған жоқ.
19 шілде түнде Ормуз бұғазында Иран әскерилері шетелдік екі кемені басып алған болатын. Кемелердің біріне британ, ал екіншісіне либерия туы ілінген. Иран Сыртқы істер министрлігі ұсталған танкерлер халықаралық теңіз ережелерін бұзды деген айып тақты. Кейіннен Ұлыбритания және НАТО Теһранға кемелерді босату туралы қатаң ескерту жасаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы