19 шілде түнде Ормуз бұғазында Иран билігі екі британдық кемені басып алды. Ұсталған екі кеменің бірінде – британ туы, екіншісінде либерия туы ілінген.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джереми Хант Ормуз бұғазында кемелер қозғалысына шектеу қойылса, бұдан Иран жағы көбірек зардап шегеді деп ескертті. Осыған орай өткен қауіпсіздік мәселелеріне арналған үкіметтің шұғыл отырысында Хант кемелерді басып алуға жол беруге болмайды деді.
Иран тарабының мәлімдеуінше, британиялық Stena Impero мұнай танкері жұма күні түнде Хормозган провинциясының айлақ және теңіз ұйымының өтінішімен ұсталған. Оған халықаралық теңіз ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр.
Айта кетер жайт, Stena Impero танкері швециялық Stena Bulk компаниясына тиесілі. Ол Сауд Арабиясына бет алған. Экипаж бортында 23 мүше бар.