Нұр-Сұлтанда ХІІІ Сүрия мәселесі бойынша келіссөздер басталды.
Жабық есік жағдайында өткізіліп жатқан келіссөзге Түркия, Ресей, Иран әне Сүрия өкілдері қатысуда. Бақылаушы топ қатарында БҰҰ, Иордания, Ирак және Ливан делегация бар.
Бүгін екіжақты және көпжақты кеңестер болады. Кешкісін Ресей президентінің Сүрия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат бермек. Негізгі пленарлық отырыс ертеңге жоспарланған.
2011 жылы Сүрияда қарулы қақтығыс басталғалы бері астанада Сүрия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөз жеті мәрте ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан келіссөзіне қолдау көрсетуші елдердің арқасында, Сүриядағы қақтығыс уақытша тоқтатылды. Ресей, Иран және Түркия аталған мәселе жөніндегі келісімшартты орындаушы кепілгер-елдер саналады.
2017 жылы қаңтар, ақпан, наурыз, мамыр айларында Сүрия дағдарысына байланысты төрт рет кездесу өтті. Нәтижесінде келіссөзге қатысушы тараптар Сүрия жерінде қауіпсіз аумақтар құруға байланысты мәмлеге келген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті