Жапонияда аптап ыстық салдарынан он бір адам қаза тауып, бес мыңнан астамы ауруханаға түскен.
«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, ыстықтан зардап шеккендер саны өткен аптамен салыстырғанда үш есеге өскен және олардың басым бөлігі 65 жастан асқан адамдар. Осы аптада Жапонияның 11 префектурасында он бір адам қаза тапқан. Айти префектурасында ең көп адам – 392, Осака мен Токиода тиісінше 388 және 299 адам ауруханаға жатқызылған. Синоптиктер елде жаңбыр маусымы аяқталғандықтан, аптап ыстық біраз уақытқа дейін созылады дейді.
Christian Aid ұйымының зерттеушілері Еуропа мен Жапония елдеріндегі ыстық ауа райы рекордтық деңгейге жеткендігін хабарлады. Олар әлемдік жылыну мен табиғи апаттардың байланысын зерттеу үстінде. Дегенмен, аптап ыстықтар, орман өрттерінің көбеюі, құрғақшылық секілді апаттардың дәлелдеусіз-ақ климаттың жылынуына тікелей қатысты екенін ескертеді. Сол себепті 2019 жыл – жаһандық климат өзгеріске ұшыраған аптап ыстық жылы ретінде таризта қалу мүмкін.