«Талибан» Ауғанстан билігіне шарт қойды.
«Талибан» радикалды қозғалысының Катардағы саяси кеңсесінің өкілі Сухэйл Шахиннің мәлімдеуінше, тәліптер Ауғанстаннан шетелдік әскерлер шығарылса ғана Кабулдағы үкіметпен келіссөзді бастайды. Бұған қатысты ресми Кабул аталған топпен кездесу алдағы 2 аптаның ішінде өтеді деп мәлімдеген.
Ауғанстанның Бейбіт реттеу жөніндегі министр Абдул Салам Рахими қатысушы құрамды анықтау жұмыстары басталып кеткенін хабарлады. Ал АҚШ ауғанаралық келіссөздер Уашингтон «Талибанмен» қандай да бір келісімге қол жеткізген соң ғана жүргізіледі деп отыр.
Өз кезегінде «Талибан» қозғалысы биыл АҚШ-пен арадағы келіссөздерге қатысты: «Біз қаңтар айындағы уағдаластыққа сәйкес, екі мәселені терең талқыладық» — деген қысқа ғана мәлімдеме таратты. Бірақ оның қандай мәселелер екендігі жөнінде айтылмаған. Наурызда АҚШ пен «Талибан» қозғалысы бейбіт келісім жүргізуді бастағанмен, Ауғанстан ұлттық армиясының жаңа штаб басшысы Бисмилла Вазири офицерлерге «Талибан» мен «Ислам мемлекеті» содырларын тұтқынға алмай, ұсталған жерінде атып тастауға бұйырық берген болатын. Оның сөзінше, ауған халқында тұтқындарды асырайтын қаржы жоқ.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді