Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Еуропаның алты мемлекетінде Қазақстанның елшіліктері құрылды. Бұл туралы ресми Ақорда сайты мәлім етті.
Жарлықтар бойынша Қазақстанның Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Сербия Республикасындағы елшілігі ретінде; Братислава қаласындағы (Словак Республикасы) дипломатиялық миссиясы Словак Республикасындағы елшілігі ретінде; Рига қаласындағы (Латвия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Латвия Республикасындағы елшілігі ретінде және Лиссабон қаласындағы (Португалия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Португалия Республикасындағы елшілігі ретінде қайта құрылады.
Сонымен қатар, Болгария Республикасындағы елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстанның София қаласындағы (Болгария Республикасы) Дипломатиялық миссиясы мен Эстония Республикасының Таллинн қаласындағы консулдығын қайта ұйымдастыру жөніндегі Жарлықтарға қол қойылды.