ҚХР болашақта жер серіктерін арнайы тасымалдағыш зымырандармен ұшыратын болады деп хабарлайды Қытайдың Халықаралық радиосы.
Халықаралық радионың мәлімдеуінше арнайы зымырандарды жасаумен Қытай аэроғарыш және аэродинамика академиясы айналысып жатыр. Жер серіктерін ғарышқа ұшыру Y-20 маркалы әскери тасымалдаушы ұшақтардың көмегімен жүзеге аспақ.
Жер орбитасына 100 кг жүкті шығаруға қуатты зымырандардың макеті бүгінде дайын тұр. Енді сыйымдылығын екі есе арттыратын арнайы құрылғылар дайындалу үстінде. Зымыранды ұшыру нақты қай күнге жоспарлайтыны әлі белгісіз.

Фото: china-inc.ru. Xian Y-20
Y-20 маркалы әскери тасымалдаушы ұшақтары 66 тоннаға дейін жүкті көтере алады. Бұл көрсеткіш ресейлік Ил-76-ға қарағанда 6 тонна артық.
«The Qazaq Times»


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті