Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өрт 14 шілдеде басталып, 9 гектардан астам аумақ отқа оранған.
Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ТЖ бас инспекторы Саят Қабдиевтің айтуынша, № 83 және № 73 учаскелердегі өрт сағат ауыздықталған. Бірақ, түтін қалды. Әзірге өрт алаңы мен оның себептері туралы нақты ақпарат жоқ. Қабдиев: «Жасыбайдағы демалыс аймақтарынан отпен қамтылған аумақты Сабындыкөл көлі, таулар, жолдар бөледі. Бұл шамамен 25 км. Өртті сөндіру жөніндегі штаб өрттен бір шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндіруге 78 адам мен 20-ға жуық арнайы техника қатысады. Аудан әкімдігі техника, жанармай беріп көмектесіп жатыр», – деп хабарлады.
Оқиға орнына төрт техника (оның ішінде үш мамандандырылған), облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылған. Бүгін қосымша техника мен шелектер мен күректері, құлақшалары бар 50-ге жуық адам тартылмақ. 16 шілдеден бастап екі Ми-8 тікұшағы жұмыс істей бастады. Олардың біреуі аумақты патрульдейді, екіншісі 2,5 мың текше сумен өрт сөндіреді. Өрт орнында Баянауыл мемлекеттік табиғи паркінің, аудандық әкімдіктің, облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері бар.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі