Британияның теңіз әскери күштері Гибралтар жағалауында Иран мұнай танкерін тұтқындаған. Ресми мәлімдемеде айтылуынша, Иран мұнай танкері 2011 жылы Сүрияға қарсы енгізген санкцияны бұзған. Алайда, Теһран бұл айыптауды жоққа шығарды.
Иран сыртқы істер министрі Мұхаммед Жавад Зариф Британия теңіз күштерінің бұл әрекетін «теңіз қарақшылығы» деп бағалаған. Иран СІМ тарабы елдегі Британия елшісін осы мәселе бойынша арнайы түсінік беруін талап еткен. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жасаған мәлімдемеде: «Иран танкерінің ұсталуы – заңсыз әрі қайшылық тудырушы қатерлі әрекет», – деп ескерткен.
Иран үкіметі Британияны АҚШ-тың талабы бойынша мұнай танкерін ұстап отыр деп қарайды. Мұнай толтырылған танкер халықаралық су жолдарының ережесіне сай әрі дұрыс бағытта кетіп бара жатқанын алға тартады.
Иранның IRNA ақпарат агенттігіндегі хабарда бұл туралы: «Британия теңіз күштерінің ирандық мұнай танкерін ұстауы және Лондон билігінің бұл теңіз қарақшылық әрекетін қолдауы, шын мәнісінде, Еуропаның АҚШ алдындағы әлсіздігі, әрі тәуелсіз шешім қабылдай алмайтындығын көрсетті», – деп жазған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді