Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты» ратификацияламақ.
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров: «Шартқа сәйкес тараптар бір-біріне олардың аумағында жүрген іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беруге әкелетін қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беруге міндеттенеді. Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 мамырға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», – деп хабарлады. Аталған заң былтыр 29 наурызда бекітілген.
Бұл заңмен қатар, парламент депутаттары , «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын және «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қымыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификацияау туралы» заң жобасын да қарастырмақ.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді