АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика шекарасындағы мигранттарға қаржылық көмек көрсету туралы заңға қол қойды.
Livejournal.com сайтының мәліметінше, жаңа заңға сәйкес Мексикамен арадағы шекарада мигранттардың мәселелерін шешуге 4,6 миллиард доллар бөлінеді. Таяуда Техастағы мигранттарды күту орталықтарында келеңсіз жайттар орын алып, жүздеген баланың бірнеше апта бойы ауыз сусыз, тамақсыз өмір сүріп келгені анықталған. Осыған байланысты АҚШ Кеден қызметінің басшысы Джон Сандерс отставкаға кеткен болатын. Енді бөлінген қаржының 3 миллиард доллары ел аумағына ата-анасыз келген балаларды күтуге жұмсалады. Ал 1 жарым миллиардтан астам доллар заңсыз мигранттарды азық-түлік және баспанамен қамтамасыз етуге арналады. Төменгі палата ұсынған жоспарды Ақ үй басшысы мақұлдағандықтан бүгіннен бастап заң ресми күшіне енеді.
Америка мен Мексика арасындағы миграциялық дау былтырдан бері жалғасып келеді. Шекарада заңсыз босқындар саны артқаннан кейін АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметінің басшысы Кевин Макэлинэн: «Босқындарды еліне қайтарамыз. Америка көшбасшысының мәлімдемесіне сай, құқық бұзуға және заңсыз әрекеттерге жол бермейміз», – деген болатын. Заңсыз жолмен шекара аспақ болған босқындарды еліне қайтару үшін шекараға қарулы әскерилер орналастырылған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді