Бүгін, 29 маусым күні Теңіз мұнай кені орнында тәртіпсіздік болды. Жергілікті жұмысшылардың наразылық әрекетінің соңы төбелеске ұласып, кен орнындағы шетелдік жұмысшыларды ұрып жаралаған.
Теңіз мұнай кеніндегі тәртіпсіздікке WhatsApp желісінде тараған сурет себеп болған. Eli Daoud өзінің қазақ қызымен түскен суретін әлеуметтік желіде жариялаған. Шетелдік азаматтың суреттегі әрекеті жергілікті жұмысшыларды ашуын қозғаған. Әдеуметтік желіде тараған видео жазбалардан "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс орнында шетелдік жұмысшыларды ұрып жаралағын мәлім болды.
Айта кетейік, бүгін түстен бұрын суреттегі шетелдік азаматтың әрекетін "ұлтты қорлау", "намысқа тию" деп бағалаған және оларға наразылық көрсетуге шақырған жазба тараған болатын.
Ел ішіндегі әлеуметтік желілерде тәртіпсіздік әрекеттердің видео жазбалары тарап кетті. Қазірге, оқиғаға байланысты ресми орындар қортынды мәлімдеме жасаған жоқ, Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаны зерттеп жатқанын айтқан.