АҚШ президенті Дональд Трамп: "Бізге 12 авиаматка (Авианосец)* керек. АҚШ армиясын ең жаңа қару жарақтармен жасақтаймыз. Егер соғыс туылса, тек қана АҚШ армиясы жеңетін болады!", – деді "ФОРТ" авиаматкасының үстінде тұрып. Бұл авиаматка АҚШ теңіз армиясы құрылғаннан бері жабдықталған ең жаңа, жасалу құны ең жоғары әскери ауыр техника саналады. 2 наурыздағы, алпауыт елдің айбатын тіпті де асыра түсуді көздеген АҚШ президентінің бұл сөзі, әлемдік БАҚ-ты дүр сілкіндірді. Бұл туралы қытайлық Xinhua агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Трамптың қысқа ғана сөзіне 22 рет құрмет шапалағы соғылғаны да АҚШ телеарналарында көп рет тарқатылды. Алайда, танымал CNN арнасы АҚШ президентінің баяндама жасау барысында қызуқандылыққа бой алдырғанын сынға алды. Сонымен бірге, АҚШ-тың 43-ші кезекті президенті кіші Буштың 2003 жылы "Lin ken" атты авиаматка үстінде лепіре сөйлеп: " Біз Ирак соғысын шұғылалы жеңіспен қысқа уақыт ішінде ақырластыратын боламыз", - дегенін еске түсіре отырып, АҚШ армиясы əлі күнге дейін Иракта оқ пен оттың арасында соғысып жүргенін айтып өтті.
Қытай және Ресей əскери істері мамандарының пікірінше, АҚШ-тың əскери қаражаты, авиаматкасы, соғыс күш қуаты қатарлы жақтардан басқа елдерді əлдеқашан артқа тастады. Дегенмен, Трамптың армия қуатын тіпті де күшейтемін деп ұран салуы, "Қырғи қабақ соғыстың" кезін еске салады, əрі, оның стратегиясы да сол дәуірдегіден айнымайды.
АҚШ қорғаныс министрі Мэттисстің серік болуымен, әскери киім киінген Трамп: "Біз АҚШ-тың беделіне сай келетін ірі «дулыға» дайындап жатқанымызды бұрын да айтқанбыз. Бүгінгі ерекше күнде, біз, осы «дулығаны» басымызға киіп көрейік. Авиаматка терроризмге соққы беріп, қауіпсіздікті күшейтуіміз үшін керек. АҚШ Теңіз армиясының міндеті ел территориясында соғыс жасау емес, шекарамыздан тысқары теңіздерде соғысу", – деп салды. Ол және: «Үстінде 70 шабуылшы ұшақ, 4500 қарулы əскерилер әрекет жасай алатын "Форттың" қазіргі күнде әлемде ешбір теңдесі жоқ. Біз мұндай ірі құрылғының елден тыс жерде шабуылға шығуын қаламаймыз", – деп салды.
Бұл сөзінің салмағы жетпегендей осындай ауыр әскери техникадан тағы 12 данасы керек екенін айтты. АҚШ президенттінің бұл сөзі әлемнің саясаткерлері мен сарапшылардың санасын сан саққа жүгіртті. Оның сөзі америкалықтарға тіптен әсерлі болғаны анық. Президенттерінің баяндамасын қызыға тыңдады, әрі «Қуаты жоғары ең ұлы сөзі болды» деп бағалады.
Ауд: Әділет АХМЕТҰЛЫ
*Авиаматка (Авианосец) – теңіз-мұхитта қолданылатын әскери ауыр техника. Соғыс ұшақтарының ұшып-қонуына, әскери тасымалына және қолбасшылық базасы ретінде пайдаланылатын алып соғыс кемесі, – ред.
“The Qazaq Times”