Қытай астанасында мобильді байланыс техналогиясында 5G стандартындағы әлемдегі ең үлкен эксперименттік желі іске қосылды деп мәлімдеді ҚХР Индустрия және ақпараттық техналогиялар министрлігінің өкілдері Синьхуа агенттігіне.
Желі Хуайжоу ауданында жасалған. Оны жетілдіру және жасау жұмыстарына осы саладағы қытайлық және шетелдік компаниялар жұмылдырылып отыр. Тестілеу терминалдарына қажетті жағыдай жасап, эксперименттің сәтті өтуі үшін жұмыстар жүргізілуде.
Біраз уақыт бұрын байланыс техналогияларымен айналысатын қытайлық компания басшысының орынбасары және China Mobile компаниясының техналогиялық бөлімінің басшысы Ван Сяоюнь 5G стандартындағы мобильді желінің жұмыстарын Huawei, Nokia, ZTE, Ericsson, Intel және DTT компанияларымен бірлесе отырып жасайтындығын айтқан болатын. Тәжірибенің бірінші бөлімі сәтті аяқталып, жақын арада, екінші бөлімі басталып та кетті.

Фото: sell-off.livejournal.com
Қытайлық мамандар елде 2018 жылы 4G жылдамдығымен жұмыс жасайтын екі миллион станция салнып, ал 2020 жылы 5G желісі коммерциялық қолданысқа енетіндігін жоспарлап отыр.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы