Еуропалық Одақтың халықаралық істер бойынша жетекшісі Федерика Могерини Ресейге қарсы бағытталған санкциялардың қайта қалпына келтірілгенін айтты.
20minutes.fr агенттігінің хабарлауынша, 2014 жылы Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін Мәскеуде еуропалық елдердің өнімдеріне импорттық шектеулер қойылған. Могерини сөзінде: «Бұл жағдай Еуропалық Одақтың агроөнеркәсіп кешені үшін мәселе туғызғанымен, аталған сала секторлары балама нарыққа шықты. Ресейдің азық-түлік эмбаргосынан туындаған қиындықтарға қарамастан, ЕО-ның ауылшаруашылық өнеркәсібі тамаша жетістік көрсетті», – деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей мен Еуропа арасындағы санкциялар соғысы Ресейге әлдеқайда елеулі әсер еткен.
Осыған дейін Еуропалық Одақ Керш бұғазында орын алған жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкция енгізуді қарастырған болатын. Ақпанда одақ құрамындағы елдер санкциялық шара аясында жаңа тізімдер жасады. ЕО-ның уақытша төраға қызметін атқарушы, Аустрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсль желтоқсанда өтетін саммитте одақ елдерінің басшылары Азовта Украинаның үш әскери кемесін экипажымен қоса басып алғаны үшін Ресейге салынған санкцияларды қатаңдату мәселесін қарастыратынын мәлімдеген. Бұл ұсынысқа Эстония, Польша қолдау білдірсе, Германия мен Франция қарсы шықты. Бірақ, ЕО басшылығы осы уақытқа дейін орын алған жайттардан кейін одақ құрамындағы елдер Мәскеуге қарсы салынатын санкциялық режимді бір ауыздан қолдауы тиіс деп мәлімдеген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді