Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнараның швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа (Grégoire Mangeat) Зангиата колониясына барғаннан кейін "Twitter" парақшасына былай деп жазды:
«Қазір ғана Зангиатадан келдім (Гүлнара Каримова жазасын өтеп жатқан түрме – редакция). Клиентімнің жағдайы ауыр. Қан қысымы жоғары. Бір аяғы таңулы. Ем жоқ. Менің мемлекетке бір ғана сұрағым бар: Зангиата, неге, қашанға дейін? Бассыздықты тоқтатыңдар!».
Бірер күн бұрын Гүлнараның қызы Иман Каримова "Instagram" парақшасына Өзбекстан бас прокуроры мен арнайы қызмет басшысына жазған хатын жариялады. Онда түрме басшылары анасына психологиялық, физикалық қысым көрсетіп жатыр деген.
Бірақ Өзбекстан бас прокуратурасы мұның бәрін теріске шығарды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?