Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурси сот залында көз жұмды. Ол Мысыр тарихында алғаш рет демократиялық сайлаумен билікке шыққан президент ретінде қалған болатын. Оның сот үстінде қаза болғанын сол елдің мемлекеттік телеарналары хабарлаған.
Президент Мурси 2013 жылы шілдеде биліктен құлатылған. Елде Сисидің басшылығындағы қарулы төңкеріс болып, билікті әскерилер күшпен басып алған еді. Жаңа билік президент Мурси мен оның қарамағындағы мыңдаған лауазымды тұлғаларды түрмеге жапқан.
Түркия, Тунис, Иордания және бірқатар көршілес елдерінің басшылары қаза тапқан бұрынғы президент Мурсидің жақындарына және Мысыр халқына көңіл айтып, азалы хат жолдаған.
Түркия президенті Режеп тайып Ердоған Мурсидің сот залында қаза болуына өкінішін білдіріп, қазіргі Мысыр билігін айыптаған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі