Арнайы комиссия экс-президент Алмазбек Атамбаевқа 9 пункт бойынша айып тақты.

Жоғары Кеңестің Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыруға байланысты құрылған арнайы комиссиясы экс-президентке 9 пункт бойынша айып тақты. Айып тізімін «Республика – Ата-Жұрт» партиясының депутаты Талант Мамытов оқыды. Тізім ішінде «заңсыз жер иеленді», « Ресей азаматтарына, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қару-жарақ таратты», «қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты бостандыққа шығаруға көмектесті», - деген айыптар бар.

Маусым айының 12-і күні Жоғары Кеңес депутаты Қанатбек Исаев «Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айыру» жөнінде бастама көтерген. 13-ші маусым күні аталмыш мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылды.

"The Qazaq Times"