Венесуэла астанасы Каракаста дәрігерлер жаппай ереуілге шықты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, наразы топ биліктен дәрі дәрмек алу үшін денсаулық саласына қаржы бөлуді талап етіп отыр. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығынан науқастарға алғашқы көмек көрсету қиын. Салдарынан қарапайым халық зардап шегіп отыр.
Қазіргі уақытта елдегі инфляция деңгейі 815%-ға дейін жеткен. Ереуілге шыққандардың бірі Пабло Замбрано: «Үкімет әскерилердің киіміне қазынадан арнайы 56 млн доллар бөлмек. Ал біз жергілікті ауруханаларға бар-жоғы 2 млн доллар жұмсауды талап еттік. Өйткені дәрігерлер алғашқы көмек те көрсетуге қауқарсыз. Себебі дәрі-дәрмек жоқ», – дейді.
Айта кетейік, Венесуэлада экономикалық дағдарыс әлi күнге дейін шешімiн тапқан жоқ. АҚШ пен басқа да көптеген елдер Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өткен аптада өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды. Ал Ресей және Қытай «диктатор басшы» атанған Маудроға қолдау білдірді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр