Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айының 9-ы күні өткен президент сайлауында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Тоқаев халықтың 70, 96 пайыз дауысын алған. Оның сайлау күніне дейін негізгі қарсыласы болып санадып келген оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов сайлаушылардың 16,23 пайыз дауысына ие болды.
Әміржан Қосанов бастаған президенттікке үміткер өзге де кандидаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жарияламай жатып құттықтады. Ал Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауына «фундаменталды құқықтар бұзылды» деген баға берді.