Аустрия канцлері Себастьян Курц билікке қайта келуді жоспарлап отыр. Ол үкіметке сенімсіздік білдіргеннен кейін қызметінен кеткен болатын.
Handelsblatt неміс басылысында Курц Аустрияда қыркүйекте өтетін кезекті сайлаудың бірінші кезеңінен кейін канцлерлік қызметті жалғастыру туралы пікір білдірген. Өз сөзінде ол: «Барлық шешімді аустриялықтар қабылдайды. Қыркүйекте бізде жаңа парламент пайда болады. Жаңа парламент федералды канцлер ретінде қызметімді жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Мен ел үшін еңбек етіп, өз жолымды жалғастырғым келеді», – деп мәлімдеді.
Аустрияда өкілетті прокурордың қатысуымен дау-дамай туындап, үкіметтік дағдарыс орын алған. Нәтижесінде, бірқатар лауазым бос қалып, оппозиция билікке сенім білдіруден бас тартқан. Парламент Курц қызметіне қайта сайланғаннан кейін, үкіметтегі дағдарыс тоқтайды деген сенімде.
Айта кетейік, Себастьян Курц – республика тарихындағы ең жас канцлер. Ол 2017 жылы 31 жасында билікке келген. Екі жыл ішінде Ресейдің агрессиялық саясатын айыптап, АҚШ, Германия және Украинамен бірлесе «Норманд форматы» келіссөзін өткізген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті