Ресейдің Түркияға сатып беретін зымыран қорғаныс жүйесі келісім уақытынан кешіктірілмейді. Бұндай мәлімдемені кеше Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков еліміздің астанасында мәлімдеген.
Кремль өкілінен журналистер Ресей мен Түркия арасындағы S-400 әуе қорғаныс жүйесін сату және сатып алу ісі туралы сұрағанда, Песков аталған қорғаныс техникасының Түркияға уақытында жеткізілетінін айтқан. «Келісімдегі уақыттан кешіктірілмейді, тіпті мерзімінен бұрын жеткізілуі де мүмкін», – деген ол сөзінде.
Түркияның ресейлік қорғаныс жүйесін сатып алуы оның НАТО-дағы кейбір одақтастарына «ұнамайды». Айталық, АҚШ тарабы Түркияның бұл қадамы одақтың әуе қорғаныс жүйесіне кері әсерін тигізеді деп қарайды. Алайда, әуе қорғанысын қамтамасыз етпеген одақтастарына «өкпелі» Түркия ресейлік қаруды сатып алу шешімін өзгерткен жоқ.
Аталған қорғаныс қаруының Түркияда орнатылуы АҚШ-тың өңірдегі әуе қорғаныс техникаларына әсер етуі мүмкін деген болжамдар бар. Әсіресе, Құрама Штаттар бас болып өндіретін F-35 ұшақтары үшін жаңа сынақ болмақ. Сонымен бірге, бұл Түркия мен АҚШ қатынасының салқындауына да себеп болуы бек мүмкін.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді