Дүниежүзілік экономикалық форум жүргізетін рейтинг бойынша Қазақстан туристер үшін қауіпті мемлекеттер тізіміне енді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан жол апаты жиі орын алатын мемлекеттер санатында. Тізімде Қазақстаннан бөлек Африка, Иран, Доминикана, Таиланд және Вьетнам бар.
Әлемдік сарапшылар денсаулық, қауіпсіздік, жолдағы ахуалды бағамдай келе, туристерге арналған нұсқаулық әзірледі. Нәтижесінде Норвегия, Финляндия, Исландия саяхатқа өте қолайлы мемлекет тізіміне енген. Ауғанстан, Сүрия, Ливия және Пәкістан елдері соғыстың өршігеніне байланысты ең қауіпті мемлекеттер тізімінде. Ал Африка аумағы, Венесуэла, Гаити, Ирак және Солтүстік Кореяда ауру-сырқау белгісі жоғары. Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселесі Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Океанияда өзекті.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі швейцариялық ДЭФ-тің жыл сайынғы баяндамасы саналады. Ол мемлекет пен оның органдарындағы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, экономикалық өсудің негізгі аспектілерін, саяси бағыт, сондай-ақ экономикалық саясаттың проблемалық салаларын анықтайды. Индекс әлемнің барлық халқының 94%-ы және әлемдік ЖІӨ-нің 99%-ына келетін 140 ел бойынша есептеледі.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) рейтингі бойынша 140 елдің ішінде 59-шы орынды иеленді. Бұл ретте ТМД елдері бойынша позициялар мынадай: Ресей (43-орын, +2), Қазақстан (59-орын, өзгеріссіз), Грузия (66-орын, +1), Әзірбайжан (69-орын, -4 орын), Армения (70-орын, +2), Украина (83-орын, +6), Қырғызстан (97-орын, +3) және Тәжікстан (103-орын, -5).
Бәсекеге қабілеттіліктің бірінші факторы – еңбек нарығы. Мұнда Қазақстан «жалақыны белгілеу кезіндегі икемділік», «қызметкерлердің құқығы» және «шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдігі» индикаторлары бойынша 30-орында.
Екінші топтағы институттар факторы бойынша «әлеуметтік капитал», «электрондық қатысу индексі», «терроризм жағдайлары», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және «ұйымдасқан қылмысқа байланысты шығындар» бөлімдерінде Қазақстан 61-орында. Инфрақұрылым факторы бойынша 69, ал қаржы жүйесі бойынша 100-орында тұр. Негізінен әлемдік рейтингте ең жоғары позиция 2015-2016 жылдары байқалды. Бұл кездері Қазақстан 42 орында.
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жыл сайын, 1979 жылдан бастап «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы баяндама» (Global Competitiveness Report) жариялайды. Баяндаманы профессор Клаус Шваб және Ксавье Сала-и-Мартиннің жетекшілігімен халықаралық сарапшылар тобы дайындайды. Қазіргі уақытта рейтинг осы саладағы ең беделді кешенді зерттеулер қатарында. 2004 жылдан бастап баяндамада «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» (Global Competitiveness Index, GCI) негізінде барлық мемлекеттердің рейтингісі келтіріледі. Қазақстан 2006 жылдан бастап аталған рейтингтер тізіміне енген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі