АҚШ жаңа санкция тізімін жариялап, Қытайдың 13 ұйымы мен жеке тұлғасына шектеу қойды. Санкция тізімінде одан тыс Ресей, Иран және Сүрияның 9 ұйымы да бар. Құрама Штат үкіметі аталған ұйымдар мен жеке тұлғаға Иран, Сүрия және Солтүстік Кореяға қатысты бақылау тізіміндегі элементтерді, технологиялар немесе қызметтерді жеткізбеу, сондай-ақ, ядролық қаруларды таратпау туралы ережелерді бұзған деп айыптаған.
Санкция талабына сай, АҚШ Мемлекеттік департаментінің рұқсатынсыз аталған ұйымдар мен жеке тұлғалар Құрама Штаттағы кез-келген шараларға қатыса алмайды, әрі АҚШ-тың кез-келген мекемесі бұл тұлғалардың тауарларын, технологияларын, қызмет өтеуін қабылдауына болмайды. Санкция тізіміндегі бірқатар ұйымдар мен жеке тұлғалардың Құрама Штатпен қатысты есеп шоттары мұздатылады.
АҚШ санкция тізіміне енген қытайлық ұйымдар мен жеке тұлғалардың (филиалдары мен мұрагерлері де қамтылады) Қытайдың ұлттық компаниялары мен қалталы кәсіпкерлері де бар. Аталған ұйымдар мен жекелер Солтүстік Корея, Иран қатарлы елдердің тыйым салынған технологияларын, өнімдерін және ядролық бағдарламаға қатысы бар тасымал істерімен айналысқан делінген.
Кезекті санкция тізімі туралы мәлімет Ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық ұйымына жолданған. Егер, Мемлекеттік департамент санкция мерзімін ұзарту шешімін шығармаса, 2021 жылы 14 мамырға дейін күшіне ие.